Барселонадағы қанды терактіге тап бола жаздаған қазақстандық оқиға туралы айтып берді
Телеарнада қызмет атқаратын қазақстандық журналист Гүлнара Жандағұлова Барселонадағы теракті болған кезде оқиға орынына жақын маңда болыпты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Рамбла туристік көшесінде автомобиль адамдар шоғырланған жерге қарай шабуыл жасаған мезетте журналист әйел қалада болыпты.
“Кеше Ла Рамбла көшесімен кетіп бара жаттым да, кенет қайта ойланып Каталония алаңына қарай бұрылып кеттім. Ал жүк көлігі адамдарға соққан кезде мен сол жерге жақын болдым. Бұл адамдар өте көп жүретін көше, кәдесый дүкендері де көп. Онда жүруге өте ыңғайсыз, адамдармен сығылысып қала бересің. Шабуыл үшін осы жерді таңдап алғаны да еш таңғалдырмайды”, – дейді ол.
Қыздың сөзінше, қалалықтар шабуыл туралы бірден сезініп, біле қоймаған. Тіпті одан кейін де ешбір шу орын алмай, адамдар көшеде емін-еркін қыдырып жүре берген.
“Онда адамдар саясаттан бейхабар, жаңалықтарды тұрақты қарамайды. Сосын барып барлық кафе, бар, мейрамханалар жабылып, ауданда адамдар азайды. Қалада 1,6 миллион адам болса, сырттан келетін туристер саны 32 миллиондай. Және қазір туристік маусымның қызып тұрған кезі”, – дейді Жандағұлова.
Барселонада болған адамдар сондай-ақ, шаһарда тәртіп сақшыларының да аз болғанын айтып жатыр.
“Әуежай жақта қауіпсіздік қызметкерлерінің бас көтеруіне байланысты барлық тәртіп сақшылары сол жаққа жұмылдырылып, қалада тәртіп сақшылары тым аз қалған”, – дейді ол. Ал түнімен қала аспанында тікұшақтар ұшып, дабыл соғылып тұрған.
Еске салсақ, екі теракті оқиғасы да Барселонаның туристік орталығында және Камбрильс курортты қаласында орын алды.
Кешкі сағат 17:00 кезінде жүк көлігі Рамбла көшесіндегі туристерге келіп соққан. 13 адам қайтыс болып, 100-ден астам адам жараланды. Жүргіхуші-террорист оқиға орынынан қашып кеткен. Сонымен қатар, екі қылмыскер қала мейрамханаларының бірінде ұсталған.
Камбрильс қаласы Барселонадан 120 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, онда да көлік адамдар шоғырына соғып, жеті адам жараланыпты.
Оқи отырыңыз:
Түркияда автобус ішінде ұмыт қалып кеткен 3 жасар бала көз жұмды
Жасөспірім тәттімен алдап қарындасын бірнеше рет зорлаған
54 жастағы әйел суррогаттық жолмен өз немересін дүниеге әкелді
Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)