Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Барселонада жүрген Айқынға айыппұл салып, мейрамханадан қуып шықты (видео)
Барселонада қыдырып жүрген әнші Айқын Төлепберген шет елдегі заңның бөлек екенін айтып, отанын сағынғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Айқынның сөзінше, Еуропада тұру үшін көп ақша қажет.
«Бұл жақтың заңдары да, өздері де басқа. Шетелдіктерге заңдары мүлде бөлек. Кеше көлігімді жақсы, әдемі жерге қойып кеткенбіз. Таңертең келсек, 100 еуро (40 мың теңгеден аса) айыппұл салыпты», – дейді әнші Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, әнші екі жұлдызды Мишлен мейрамханасына өзін шортымен кіргізбей қойғанын айтты.
«Мейрамханада орын болмағаннан кейін, алдын ала жазылып қойғанбыз. Содан келсек, олар: «Шортымен кіргізбейміз», – дейді. Бірақ басқа қыздар қып-қысқа шортымен келіп тұр. Оларға неге болады? Не үшін маған болмайды? Соны түсінбедім. Содан берген ақшамызды да қайтармай қойды», – деп шағымданды әнші.
Өз сөзінде әнші “ешқандай жердің өз еліңе жетпейтінін” айтты.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі