Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақтөбе ФК-ға 900 мың еуро бөлген": Спорт журналисі Барменқұлов басқаратын Қазақстан футбол федерациясының жұмысына күмән келтірді

Спорт журналисі Тимур Қамашев BorodAbata подкасына берген сұхбатында қазіргі Қазақстан футбол федерациясының басшысы Адилет Барменқұлов оның шетелдік клубтармен келіссөз жүргізу кезінде қомақты қаражат алғанын айтып берді. Бұдан қалды оның "Ақтөбе" футбол клубымен ықтимал байланыстары туралы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған / ҚФФ президенті Адилет Барменқұлов және спорт журналисі Тимур Қамашев

Тимур Қамашев "Тараз" секілді футбол клубтарының жағдайы мүшкіл екеніне қарамастан, "Ақтөбе" құрамасына қомақты қаржы бөлгенін айтты. Федерация басшысының бұл іс-әрекетіне көпшілік күдіктене де бастаған.

"Инсайдерлік деңгейде көп нәрсе айтыла береді. Таяуда біз "Время" басылымының ақтөбедегі жемқорлық туралы мақаласын талқыладық. Онда бірнеше матч өткізген кейбір ойыншылар ондаған миллион қаржы алған. Ойынға әжептеуір сома бөлгендердің арасында "Қазақстан футбол федерациясының төбесі көрінді", – деді журналист Тимур.

Сонымен қатар спорт сарапшысы Барменқұловтың Ақтөбеге белгілі бір соманың инвестицияланғанын бейресми түрде растағанын атап өтті.

"Неліктен ол бұл қаражатты қиын халде тұрған Таразға немесе қарызға батқан бірінші лига командаларына салмады? Федерацияны басқарып тұрғанда қалай клубтың ресми демеушісі бола аласыз? Бұл үлкен күмән тудырады", – деді спорт журналисі.

Әсіресе ақтөбелік бапкерлер штабының жағдайы назар аудартты.

"Әуел баста команданы Магомед Адиев басқарады деген қауесеттер тарады. Алайда ақыр соңында клубты Дмитрий Парфеновтың қол астына береді. Себебі Барменқұлов Адиевке оның командаға бас бапкер болуы керектігі туралы өтініш тастаған. Бұдан кейін олардың бұл ісіне тергеу жүргізу қажеттігі туады. Бұған дейін бұл мәселе бойынша федерацияға ресми сұрақ та жібердік. Бірақ қонымды жауап ала алмадық. Олар үнсіз қалды", –деді Тимур Қамашев.

Тимур Қамашев федерация басшысын жеке ұнатпайтынын мойындады. Дегенмен жұртшылық шындықты білуге құқылы деп санайды. Бұл барып тұрған заңсыздық және мұндай бейберекетке жол берілмеу қажет дейді журналист.

Ресейлік инсайдер Иван Карпов футбол ойыншысы Максим Самородовты ауыстыруға да Барменқұловтың қатысы бар деп жазды. 

"Оның енді өзін ойыншыларды ауыстыратын агент ретінде таныстырып жатыр ма? Соңғы деректерге сенсек, "Ақтөбе" командасы трансфер үшін 900 мың еуро алған. Егер ол осы 900 мың еуродан жеке ойыншыларға қанша сома алғаны қызық?" – деді журналист.

Спорт сарапшысының ойынша, Барменқұловтың ақпаратқа мүлдем теріске шығармауы көңілге күдік ұялатады. Журналист қазіргі жағдай барлық күмәнді жойып, әрі қарай күдік тудырмас үшін неғұрлым ашық түсіндірулер мен тергеуді қажет ететінін айтады.

"Ол клубтардың төрешілерді сатып алуды тоқтататын кезі келгенін және жеңіске күмәнді әдістермен қол жеткізілгенін айтты. Содан кейін ол өз командасының төрешілер бөлімін нашар жағдайда қабылдағанын еске салды. Біздің елде келісілген ойынның бар екені туралы факт екенін жасырмады. Адами тұрғыда мен оны қатты аяймын. Оны мұндай спектакльдерге кім дайындап жатқанын білмеймін. 12 жыл бойы баспасөз қызметін басқарғанымды және онымен етене жақын жұмыс істегенімді ескерсеңіздер. Барменқұлов үшін бұл қалыпты жұмыс секілді. Алайда ол өте күлкілі нәрселерді айтады”, – деді Тимур Қамашев.

Журналистің пайымдауынша, федерация басшысының мұндай мәлімдемелері мұқият дайындық пен ойлануды қажет етеді. Өйткені осы секілді пікірлердің соңы ауыр зардаптарға әкеліп, Барменқұловтың өзін де, бүкіл федерацияның беделін түсіруі мүмкін дейді Тимур Қамашев.

Аталған мәселеге қатысты редакция сыбайлас жемқорлық қызметіне сауал жіберіп, тергеу барысы жөнінде сұрады. Antikor-дың баспасөз қызметі алдағы уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, анық-қанығы белгілі болатынын мәлімдеді.

Талқылау