Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық аймақта күн жылынады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

ауа райы күн жылынадыФото: freepik.com

Қазгидромет еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар қыс ызғары әлі кетпегенімен, алдағы күндері еліміздің барлық аймағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, көктем болғанына қарамастан, еліміздің көптеген аймағында қыстық ауа райы әлі де сақталған.

“Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды”, – деді мамандар.



Дегенмен мамандар алдағы уақытта көктем де өз әсерін көрсететінін алға тартты. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Солтүстік өңірлерде оң температураға жақын байқалса, оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5, +10°С көрсетеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 11:08