Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы заң аясында: 17 жастағы қыз дәрігерлер көмегімен өмірімен қош айтысты

17 жастағы Нидерланды елінің тұрғыны заң аясында өзін өлтіру мүмкіндігін қолданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Бойжеткен бала күнінде зорланғандықтан, бірнеше психикалық ауруға шалдыққан. Сондай-ақ, анорексиямен ауырады. Дәрігерлер 17 жасқа толып, арада екі күн өткен соң, оны дәрінің көмегімен өлтірді. Аталған елде осы жастан бастап заңмен өмірмен қоштасуға болады. 

Ноаның ата-анасы қызының бұл шешімі туралы білмеген. Кейін қатты таңқалған екен. Бойжеткен бөлмесінде пластик контейнер мен ата-анасы мен достарына арнап қоштасу хатын қалдырған. 

Ол ұзақ уақыт бойы психиатриялық клиникада емделіп, 16 жасында автобиографиялық кітап жазды. Осы кітапта ол өз өмірін баяндаған. 

Голландия заңына сәйкес, балаларға эвтаназияны 12 жастан бастап қолдануға болады. Бірақ бұл үшін дәрігердің қорытындысы қажет. 2017 жылы осы жолмен 6,5 мың адам өмірімен қош айтысты. 

2018 жылдың тамыз айында Бельгияда медицина мамандары екі ауру балаға эвтаназия жасады. Олар осылайша өмірімен қоштасқандар ішіндегі ең - кішілері. 

Талқылау