Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" клубының бұрынғы басшыларына қатысты тергеу басталды

Фото: hcbarys.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Барыс" хоккей клубының бұрынғы жетекшілеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша департамент ауыр салдарға алып келген қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, "Барыс" хоккей клубы 2024/2025 жылғы маусымда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орыннан көрінген болатын. Команда 68 матчтың қорытындысы бойынша бар болғаны 35 ұпай жинаған.

Қазіргі уақытта клубтың бас директоры лауазымына Сәкен Мусайбеков тағайындалды. Ол бұған дейін қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президент және Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бас директоры қызметін атқарған. Ол бұл қызметте Нұрлан Оразбаевты алмастырды.

Аталған тағайындауға қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өзінің пікірін білдіріп, бұл шешімнің себебін түсіндірген еді.  Себебі, бұған дейін Мұсайбеков 2021 жылы жемқорлық дауына байланысты істі болған еді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 20 Маусым, 2025 13:44
Талқылау