«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тарихындағы ең нашар команда болды
Астаналық “Барыс” хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет ең нашар команда атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Елордалық клуб ҚХЛ-да антирекорд орнатты.
Тарихта алғаш рет команда хоккей маусымында турнирлік кестеде соңғы орынды иеленді. Қазіргі уақытта "Барыстың" еншісінде 35 ұпай бар. Команда чемпионатта қалған екі ойында жеңіске жетсе де турнирлік кестенің соңғы орнынан көтерілу мүмкін емес. Себебі, “Барыстан” бір саты жоғары тұрған Хабаровскінің “Амур” клубында 40 ұпай бар.
Бұған дейін, "Барыс" хоккей клубы 2022/2023 және 2023/2024 жылдары Шығыс конференциясында соңғы орын иеленген болатын. Алайда осыған дейін елордалықтар жалпы турнир кестесінде соңғы орында қалған емес.
Талқылау