Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" хоккейшілері фин ойыншыларын ойсырата жеңді (видео)

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы финляндиялық "Йокерит" құрамасын басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

БАрыс

Қазақтандық топты фин ойыншылары өз мұз айдынында қабылдаған. Ойын 5:1 есебімен "Барыстың" жеңісімен аяқталды. 

Ең алғашқы шайбаны "Барыс" ойыншысы өз тобының қанжығасына еншіледі. Алайда бірінші периодтың аяқталуына 48 секунд қалғанда фин хоккейшісі Ессе Йоэнсуу қос команданың ұпайларын теңестірді. 

Екінші периодтың 26 минутында Никита Михайлистің көмегімен Кертис Волк есімді қазақстандық спортшы тағы бір шайба соғады.

Үшінші преиодта "Барыс" ойыншылары тағы үш шайба соғып, фин хоккейшілерін шаңдарында қалдырды. Шешуші периодтағы ұпайларды қанжығалаған ойыншылар Аркадий Шестаков, Линус Виделль мен Дастин Бойд болды. 

 
 

Талқылау