Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді шешімдер қабылдау керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түйткілді мәселелерді шешу үшін тиімді шешімдер қабылдау керегін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Тоқаевтың сөзінше, елімізде өзекті мәселелер назардан тыс қалған. Сондай-ақ құқықтық әділетсіздік белең алғанын қосып өтті. 

"Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті”, – деді ол. 

Тоқаев алдағы бес жылда Үкімет және Парламент негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет екенін мәлімдеді.

“Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады", – дейді мемлекет басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентінің бірінші сессиясында кезектен тыс депутаттар сайлауында партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілгенін айтқан еді. 

Талқылау