Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін өзім істеймін": Мәдина Сәдуақасова тағы сынға қалды

Дубайда жүрген Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға қалды. Әнші шетелге өзімен бірге ешқандай қызметші ерітпегенін, әйелдік міндетін толықтай өзі атқарып жүргенін айтып, жұрттан ұрыс естіді, деп жазады Stan.kz.

"Шет елге семьямызбен шықсақ, бізбен ешкім еріп бармайды, байқасаңыз, сіңілдерім де, жақындарым да, Олжастың туысқандары да бізбен шықпайды, не говоря уже домработница, няня. Ондай жоқ. Әйел, мама деген міндетімді по полному атқарам. Еще ақымды алады. ”Көйлегім мыж-мыж үтектеп берші, плавки қайда? Бас киімін кигізе салшы, ыстықтадық, зданиенің ішінде жаурадық, ұйықымыз келді, таңнан тұрып алып завтракқа баратын киімім дайын ба?

Ешқандай фотосессия күшті образдармен болмайды - ау бұл жол. Осы суретке де шүкір деп тұрмын. Фотоссесия деп қабылдаңыз енді! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)", – деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

Көпшілік әншінің бұл жазғанын теріс түсініп, сынға алды. Бұл істерді қазақтың әрбір әйелі күнделікті атқаратынын айтып ұрысты. 



"Енді бір күйеуің мен балаңа киім үтіктеп бермесең, дайын асты өздері ішеді ғой, не болды?", "Мәдина, сіз Қызылорда тумасы емессіз бе? Ол жақта қыздарды ерте жастан тірлікке баулиды ғой. Қайғырудың қажеті жоқ. Күйеудің алдында шыбындай жүгіру қаныңызда болу керек", "Айтып отырғаныңыздың бәрі болмашы нәрселер", – деп жазды олар.  

 

 

Талқылау