Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағажайда туфлимен жүр": Мәдина Сәдуақасова күлкіге қалды 

Мәдина Сәдуақасова отбасымен Дубайға демалуға кетті. Әнші туристердің мекеніне айналған шаһарға жете салысымен, демалыстан фотолар жариялады. Сәдуақасова жағажайда туфли киемін деп сынға қалды, деп жазады Stan.kz.

"Дубайдан сәлем достар! Адам ыстықтан қашып одан ыстыққа келеді екен, да, Мына жақта бүгін 39 болып тұр, Алматы ше? Қызылорда жанып тұрған шығар? Ақтауда қалай? Солтүстік норм шығар? Өскемен жақ? Қайда жүрсең де, еліңде не болып жатқанын білгің келіп тұрады. Сағындым ба не?! И, қой, қыз әлі бір аптаң бар. Кайфуй, Мадикош, ничего не бойся, жизнь одна", – деп бөлісті Мәдина. 



Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасынан бөлек, суретін қызу талқыға салды. Купальник пен туфли киіп алған Мәдинаны көпшілік түсінбей, сынға алды. 

"Әдемі, бірақ туфлимен тұрғаныңыз біртүрлі екен. Одан да жалаң аяқ дұрыс еді", "Көл жағасында биік тақа туфлимен жүре ма екен, Дубайда?", "Жағажайда туфлидің не керегі бар? Біздің жұлдыздарға өзін көрсетудің басқа жолы қалмады ма?" – деп жазды олар. 

Талқылау