Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір бұрынғыдай болмайды": Кәсіпкерлер той-томалақ өткізуге рұқсат берілгеніне қатысты пікірлерін айтты

Карантиннің жеңілдеуіне отандық рестораторлар қуанатыны рас. Кәсіпкерлер қайтадан тапсырыс қабылдап, шулы той-думандарды ұйымдастыра алады. Алайда олардың арасында бір жарым жыл бойы заңды бұзбай, той-томалақ өткізуге тыйымды сақтағандар аз болды. Көп адам жабық есік пен терезе артында жұмыс істеуге машықтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Бізде шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым адамдар көзден таса жерде әрекет жасайды. Біз мұның бәрін жақсы білеміз. Банкеттер қайда өтті? Сарайларда, жертөлелерде, тұрақтарда, жанармай бекеттерінде. Қазір бізде "сұр" аймақта бүкіл Қазақстан бойынша мекемелердің 50-60%-ы бар. Яғни, 60 мың қоғамдық тамақтану объектілерінің 30-35 мыңы "сұр" аймақта жұмыс істеді. Адамдарға несие, коммуналдық қызмет, жалақы төлеу керек қой”, – дейді Вероника Нұрпейісова, ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі.

Кәсіпкерлер той-томалаққа нарықтағы сұраныстың азайғанын алға тартады.

“Осы уақыт ішінде осы жағдайдан әртүрлі жолдармен шығуға тырысады. Тағамды жеткізумен, асхана сияқты тамақ дайындаумен де айналыстық. Жақын жерде тұратын клиенттер келеді деп ойладық. Бірақ мұның бәрі бекер болды. Мұның бәрін қалпына келтіру өте қиын болады. Оның үстіне нарықтың өзі өшіп қалды. Адамдар мерекелерді бұрынғыдай өткізуге дайын емес”, – дейді кәсіпкер Диан Мұстафин.


Қазақстанда енді ұн, нан және макарон қымбаттайды 


Рестараторлар бір-бірімен қуанышпен бөлісіп, тапсырыс қабылдауға дайындалып жатқанда, шенеуніктер тек вакцинацияланған адамдар ғана жинала алады, соның өзінде 100 адамнан артық емес. Ал “қызыл” аймақта екі есе аз.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев ең маңыздысы көптің сұрауымен діни шаралардың өтуіне рұқсат етілген.

“27 қыркүйектен бастап Ashyq қосымшасында қауіпсіз "жасыл" мәртебесі бар осы мекемелердің қызметкерлері мен келушілерінің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін. Бұл салтанатты, естелік іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды: банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізу. Сондай-ақ, конференциялар, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға рұқсат етіледі. Көрмелер өткізуге рұқсат етілген. Ең бастысы, республика азаматтарының өтініштері бойынша діни нысандардың қызметіне рұқсат етілген”, – дейді ол.

Сонымен қатар, "жасыл" аймақтардағы көрмелерге 500-ге жуық адам қатыса алады. Ал мешітке эпидемиялық жағдайға қарай 50% сыйымдылықпен кіре алады. 

Талқылау