Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бәрі таңданысын жасырмады": Алматыда афроамерикалық жігіт әскерге аттанды

Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды. Бүгін әскери борышын өтеуге аттанған Майкл Мкпо Алматыда дүниеге келген. Оқуын да осында тәмамдаған. Ал әкесі - Нигерия азаматы екен. Мұндай жағдай ел тарихынды бірінші рет болып отырған көрінеді.

Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/видеодан скриншот

Алматыда дүниеге келген Майкл аздап қазақша сөйлейді, нағашылары қазақ екен. Осында туып-өскен ол әскерге шақырту келгенде бірден қабыл алғанын жеткізді. Өйткені Отан алдындағы борышын өтеу кез-келген азаматтың қасиетті борышы деп біледі. Әскери комиссариатқа келіп, форма кигенде барлығы таңырқағанын айтады, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

«Шын мәнінде барлығы таңырқауда. Өзіммен бірге әскер қатарына шақырылғандардан бастап, сардарларға дейін таңданысын жасырмады. Африкалық жігіт әскери борышын өтеуге барады деп ешкім күтпеген ғой», - дейді Майкл Мкпо.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысыпты. Отбасын құрғандарына 20 жылдан асқан. Араларында Майкл мен Милана есімді қыздары бар. Галина күйеуінің отаны Нигерияға барып, біраз жыл тұрғандарын айтады. Бірақ Қазақстанға жетпейді, дейді 

«Мен балама ақ жол тілеймін. Аман-есен барып келсін», - дейді Маклдың анасы.

Майклды әскерге шығарып салуға нағашылары да келіпті. Галинаның шешесі қазақ, әкесі орыс екен. Алматы облысынан келген туған-туыстары ақ тілектерін жауырды. 

Жалпы бүгін 45 азамат әскерге шақырылған. Олар Алматы облысында Әскери әуе күштері қатарында Отан алдындағы борыштарын өтейтін болады. Ал, солардың бірі Майкл «ел сенімін ақтап, сенім үдесінен шығуға барымды саламын» дейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр