Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барғандары бір қора, алғандары бір қола”: Отандық дзюдошылар жаппай сынның астында қалды

ДзюдоФото:ҰОК

28–30 қараша күндері дзюдодан жылдың қорытынды Grand Slam турнирі өтті. Тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасы қоржынға небәрі бір ғана қола жүлде салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жалғыз жүлдені ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі – Абиба Әбужақынова жеңіп алды.

Бұл – Абибаның әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жетістігі.

Бұл жарысқа еліміздің нөмер бірінші дзюдошылары қатысқан еді. Атап айтсақ:

– Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен Нұрқанат Серікбаев 66 келіде;

– Мағжан Шамшадин және Аман Бақытжан екеуі де 60 кг.

Бірақ олардың басым бөлігі алғашқы айналымдардан әрі аса алмады.

81 келіде жарыстың басты фавориті атанған Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде грузин балуаны Димитри Гочилаидзеге жол беріп, жарыстан шығып қалды.
90 келі салмақта Ермахан Әнуарбек болса бірінші белдесуінде әзірбайжандық Аслан Коцоевті жеңгенімен, 1/8 финалда сербиялық Ислам Согеновтен айласын асыра алмады.

100 келіде Шархан Нұрлыхан бірінші айналымда сербиялық спортшыға есе жіберсе, Марат Байкамуров нидерландтық Симеон Катхаринаға жол берді. Аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев бахрейндік Азамат Чочаевқа қарсы белдесуде жеңіліп қалды.

Әйелдер арасында 63 келіде белдескен Есмигүл Құйылова да алғашқы айналымда Израиль балуаны Примо Керемге ұтылды.

Жарыстан кейін белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық құраманың нәтижесіне көңілі толмайтынын айтып, сынға алды. Ол өз жазбасында:

“Барғандары бір қора, алғандары бір қола”, – деп жазба жариялады.

Ал бұл жазбаның астына жанкүйерлер тарапынан дзюдошыларға қатысты сыни пікірлер толассыз жазылды.

 “Абибасыз күндерің қараң”, “Жарайсың Әбиба сенен басқа ешкім жоқ”, Жалпы Қазақстан дзюдосы неге нашар көрсеткіш көрсетеді? Жаттықтыру тәсілі, мектептері бөлек пе, Қыздардан тек бетке ұстар Абиба, жігіттерден Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин ал басқалары ше? “Келесі Олимпиадада , осы бір-екі қоламен қайтатын сияқты ғой. Олимпиада емес, Әлем чемпионаты емес, жылда өтетін гранд-сламнан әлі алтын ала алмай жүр”, “Қаршадай бір қыз қашанға дейін қазақтың намысын арқалап жүреді? Нәтиже болмаса, басқаларға мүмкіндік берілу керек қой?! Бізде жеңілсе де жеңінен тартып, жарыстан-жарысқа сүйреп жүре береді”, “Айтуғада ұят екен барған жерлерінен қоржынымыз бос қайтып жүргені қашан? Бұндай құрама кімге керек? Нақты жауап беріп жатқан ешкім жоқ”, “Иә өте ұят болды топырлап барып жалғыз қола мен қайтты. Осымен нешінші рет дәл осындай жағдай қайталанып  жатыр. Жігіттер қайдасыңдар Абибаның жүлдесімен қашанғы жүресіңдер. Өткендегі Галбадрахқа ұқсайтын қыз қайда? Соны неге апармайды жақсы күресетін еді”, – деген пікірлер көптеп жазылуда.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 10:48