Қазақстандық TEEZ маркетплейсі ірі финтех компанияға сатылады

Фото: Компанияның баспасөз бөлімінен
Желіде қазақстандықтар TEEZ маркетплейсінің сатушыларына әл күнге деін былтырғы сатылған тауарлардың ақшасын бермегені туралы ақпарат тарауда. Көпшілік мұны компания банкрот болуға жақындады ма деп топшылауды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазбаларда маркетплейстің белсенділігі төмендегені айтылған.
“TEEZ маркетплейсі сатушыларға төлем жасауды тоқтатқан. Бұл банкроттық болмаса екен деп үміттенемін. Төлемдердің кешігуі қазірдің өзінде өте елеулі. Қазіргі таңда сатушылар 2025 жылы сатылған тауарлар үшін әлі күнге дейін ақшасын алмаған”, – деп жазды желі қолданушысы
Жұртшылық шынымен қосымшаның жалақы төлеуде қиындықтарға ұшырағанын алға тартты.
“Оларды ірі финтех компания сатып алды деп жазып жатыр. Сондықтан банкроттық болмайтын сияқты”, “Ол жерде жалақы бойынша мәселелер бар. Сәуір–мамыр айларынан бері зейнетақы жарналары да төленбеген. Басшылық тек уәде беріп, құр сөзбен алдап отыр”, “Kaspi комиссияны көтеріп, жеткізу құнын да қымбаттатты. Сондықтан енді бәрі TEEZ-ге көшеді деп ойлаған едім. Бірақ олай болмайтын сияқты”, “Олар әлі дұрыс дамып үлгермеді. Менің білуімше, адамдар ол жақтан көбіне тек промокод болған кезде ғана сатып алады. Себебі бағалары қымбат, әрі тауар түрлері өте аз. Үлкен маркетплейстермен салыстырғанда, ештеңе жоқ”, -деп жазды көпшілік.
- Тоқаев банк қызметі туралы заңға қол қойды
- Орын санынан көп билет сатқан: Межелеген жеріне бара алмай қалған қазақстандық әйел Air Astana-ны сотта жеңіп шықты
Компания қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді.
“TEEZ маркетплейсін Қазақстандағы ірі финтех сатып алуда. Қазіргі уақытта оның атауын жариялай алмаймыз. Бірақ NDA (құпиялылық келісімі) шектеуінен шыққан бойда бірден хабарлаймыз. Жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көріп отырмыз, сабырларыңыздың таусылып бара жатқанын да түсінеміз. Қазіргі төлемдердегі кешігулер компаниядағы өтпелі кезеңмен байланысты. TEEZ мәміле табалдырығында тұр. Өкінішке қарай, мұндай өзгерістер белгілі бір қиындықтарға алып келеді.
Осындай жағдайға тап болып отырғандарыңыз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Дегенмен, барлық міндеттемелеріміз толық орындалатынына сенімді бола аласыздар. Біздің болжамымыз бойынша, бұл кезең тағы шамамен 1,5–2 аптаға созылады. Маркетплейс банкротқа ұшырамайды және жабылмайды. Керісінше, жаңа инвестормен бірге көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сіздердің тауарларыңыз толық қауіпсіз, ал табыстарыңыз жақын уақытта өсе бастайды”, – деді компания.
"Соңында талан-таражға түсіп, экологияға қауіп төндіреді": Көкжайлау тау шаңғысы курортын салуға алматылықтар қарсы шықты