Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70% өтініші кері қайтарылды

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов соттан тыс банроттық рәсімі кезінде тіркелген адамдардың 70 пайызының өтініші не себепті кері қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банкрот

"Қазіргі кезде 49 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 36 мыңы кері қайтарылды. 6 мың өтінішті қабылдап үлгердік, жарты жылдың ішінде олар банкрот деп танылуы мүмкін. Кейбір өтінімдер әлі де қаралып жатыр, өйткені өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады", – деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, өтініштерді кері қайтарудың негізгі себебі соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысты болып тұр. Атап айтқанда, өтініш берген адамдардың қарызы шекті сома 1600 АЕК-тен асып отыр. Тағы бір мәселе, кейбір өтініш берушілер жартылай банкротқа өткісі келеді, яғни ипотека бойынша кередитін төлеп жатқаны анықталды. Көп жағдайда өтініш берген адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскелері бар екені белгілі болды. Осы деректер соттан тыс банроттықты рәсімдеу кезінде анықталды.

Вице-министр өтініштерді кері қайтару қалыпты жағдай екенін және бұл көрсеткіш 70 пайызды құрағанын айтты. Тиісті заңды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе, соның ішінде батыс елдеріндегі талаптар зерттелген.

"Атап айтқанда, бастапқыда адамдардың банкроттық туралы өтініші қабылданбаса, үш айдан кейін азаматтар қайта өтініш беруге құқылы. Процесс жүріп жатыр. Екі айда 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш және қаржылық жағдайды жақсартуға жақсы мүмкіндік беріліп отыр", – деді Ержан Біржанов.

 

Талқылау