Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK Каспийдегі астық экспорты жобасын қолдады

Bank RBK Kaspi Grain Way компаниясының Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық портында астық терминалын салу жобасын қаржыландырды. Бұл жоба Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге маңызды үлес қосады.

"Астық терминалының қаржыландырылуы – бұл жай ғана бизнесті қолдау емес, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға жасалған қадам. Біз бұл қолдау еліміздің Каспий өңіріндегі астық нарығында жетекші орын алуына мүмкіндік береді деп сенеміз. Сонымен қатар жобаның әлеуметтік маңызы да зор – терминалдың құрылысы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Бұл Маңғыстау облысындағы халықтың өмір сүру сапасына оң әсер етеді", – дейді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева. 

Bank RBK ашқан несие желісі мен "ДАМУ" қорының 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық бағдарлама аясындағы қолдауының арқасында терминалға жоғары сапалы жабдықтар, арнайы астық тасымалдауға арналған хоппер вагондар, бірегей тиеу краны және басқа да қажетті арнайы техника сатып алынды.

Қазір терминал 27 000 тонна астық сақтауға қауқары бар. Ал жоғары жылдамдықты тиеу желілері шикізатты сағатына 300 тоннаға дейін тасымалдауға мүмкіндік береді. Кемелерге астық тиеу жылдамдығы сағатына –  700 тонна.

"Біздің терминал – жай ғана инфрақұрылымдық нысан емес, қазақстандық өндірушілерді әлемдік нарықпен байланыстыратын стратегиялық хаб. Bank RBK-мен серіктестік – тұрақты өсу мен дамуға негіз болатын сенім", – деп атап өтті Kaspi Grain Way басшысы Жаслан Искаков.

Жобаның экологиялық қыры да назар аудартады. Бельгиялық Vigan компаниясының тиеу краны шаңдану деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, тиеу процесі экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза бола түсті.

Болашақта терминалдың қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сақтау көлемі 51 000 тоннаға дейін ұлғайтылып, ай сайынғы өткізу қабілеті 100 000 тоннаға, ал жылдық көлемі 1 миллион тонна астыққа дейін жетеді.

Лицензия №1.2.100/245/41, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан 05.04.2021 жылы берілген.

Талқылау