BANK RBK акционерлері мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын толық қайтару туралы шешім қабылдады

“Bank RBK” АҚ акционерлері 176,8 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын толық қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Банк тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды және оның қаржылық күшінің, тұрақтылығының және бизнес-моделінің жетілуінің айқын дәлелі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2017–2020 жылдары бірқатар ірі банктерге мемлекеттік қолдау көрсетілгені, ал бүгінде өзара жауап ретінде алынған қаражатты қайтарып, ел экономикасын дамытуға нақты үлес қосу уақыты келгені туралы тиісті тапсырмасын ескере отырып, сондай-ақ Банктің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатына сәйкес, шешім 2025 жылғы 24 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды.
Банк акционерлері мен басшылығы бұл ұстанымды қолдайды және мемлекеттік көмекті толық мерзімінен бұрын қайтару туралы шешімімен мемлекетпен адал әріптестік қағидаттарына бейілділігін растайды.
Bank RBK осылайша 2017–2018 жылдары 243,7 млрд теңге алған банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын аяқтады.
Сол 2017 жылы Банктің ірі акционері қаржы институтын дамытуға шамамен 160 млрд теңге өз қаражатын салды, бұл Банктің одан әрі тұрақты дамуы үшін негізді қамтамасыз ете отырып, оның капиталы мен өтімділігін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.
Банк акционері мен мемлекет тарапынан көрсетілген шаралар Банкке Бағдарлама шеңберінде алынған қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сенімді негіз болды.
2022-2025 жылдары Банк өздігінен мемлекетке 67 млрд теңгені қайтарды, ал енді қалған соманы толығымен өтеуде.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Bank RBK мемлекеттен алынған қаражат бойынша 75,5 млрд теңге купондық сыйақыны да төледі.
Акционердің қолдауымен осы өтеуді және купондық сыйақыны төлеуді ескере отырып, бүкіл кезең ішінде Банктің мемлекетке төлемдерінің жалпы сомасы 319,2 млрд теңгені (негізгі борыш 243,7 млрд теңге сомасында және сыйақы 75,5 млрд теңге) құрайды.
“Мемлекеттің қолдауының арқасында 2017-2018 жылдары Банктің қызметі тұрақтандырылды және біз ел экономикасының игілігі үшін жұмысымызды жалғастыра алдық. Қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, бүгін біз мемлекеттік қолдау қаражатын мерзімінен бұрын толық қайтару туралы шешім қабылдаймыз. Бұл ресурстар Қазақстан үшін жаңа басым мақсаттарына бағытталуы мүмкін”, – деп, атап өтті Банктің ең ірі акционері Владимир Ким.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес, көмекті қайтару мерзімі 2032 жылға дейін көзделген. Алайда, Bank RBK қаражатты жеті жыл бұрын қайтару туралы шешім қабылдайды - осылайша мемлекеттік қолдауды пайдалану мерзімін екі есе қысқартады.
“Бүгінгі таңда Bank RBK - Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі. Біз нақты сектор мен халықты белсенді түрде несиелендіреміз, бизнесті қолдаймыз және елдің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасаймыз. Біздің жетістігіміз - клиенттердің сенімі, команданың кәсібилігі және тиімді стратегияның нәтижесі. Бізге сеніп, қасымызда болған барлық жанға шын жүректен алғыс айтамыз. Біз өсіп-өркендеуді, дамуды және қызметтеріміздің сапасын арттыруды жалғастырамыз”, - деп, атап өтті Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
8 жыл ішінде Банк әсерлі жолды өтті:
– Активтер 5 еседен астам - 2,7 трлн теңгеге дейін өсті;
– Несие портфелі 7,8 есе - 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте оның сапасы айтарлықтай жақсарды: проблемалық кредиттердің үлесі 2017 жылғы 39%-дан 5,3%-ға дейін азайды;
– Егер 2017 жылы Банк жылды 172,6 млрд теңге шығынмен аяқтаса, ал енді 2025 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 55,8 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды.
Қазіргі уақытта Bank RBK несие портфелі бойынша елдің коммерциялық банктері арасында 6-орынды, капиталы бойынша 7-орынды және активтері бойынша 8-орынды иеленді.
Мұндай нәтиже – терең трансформацияның, заманауи технологияларды енгізудің, команданы күшейтудің және өнім желісін жаңартудың қорытындысы.
Осылайша, 8 жылдық кезеңде Банк акционердің көмегімен мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын өтеуді ғана емес, сонымен қатар ірі, орта және шағын бизнесті белсенді кредиттеуді жалғастыруға, сондай-ақ бөлшек сауда бағытын дамытуға мүмкіндік беретін төзімділік пен ресурстар қорын жинақтады. Банк бұдан әрі де жауапты бизнес пен тұрақты дамудың үлгісі бола отырып, өз клиенттерінің, серіктестерінің және Қазақстанның бүкіл экономикасының игілігі үшін жұмыс істейтін болады.
Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Семей, Екібастұз, Ақсай және Орал қалаларында ұсынылған.
ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білсе қайда жүгіне алады