Bank RBK 2024 жылы теңгелік депозиттердің өсу қарқыны бойынша көшбасшы атанды
Ranking.kz Ұлттық банк деректеріне сүйене отырып, жыл басында депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіретін қазақстандық банктердің клиенттерінің бөлшек салымы рекордтық 24,5 триллион теңгеге жеткенін мәлімдеді. Оған қоса 2024 жылы 20,3% өсім болған. Оның ішінде 75,3% яғни 18,5 триллион теңге ұлттық валютадағы салымдарды құраған. Салыстырмалы түрде қарасақ, бір жыл бұрын теңгелік салымдардың үлесі 73,2% болған.
Қазақстандағы депозиттерді кепілдендіру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) барлық теңгелік салымдардың 97,1%-ы халықтың депозиттерін ұстайтын үздік 10 банкке тиесілі. Басқаша айтқанда бұл – 17,9 триллион теңге, жылдық өсімі – 23,5%. Бұлай болуы да заңды, себебі қазақстандықтар өз жинақтарын сақтау үшін ең ірі және сенімді қаржы институттарын таңдайды.
Олай болса, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің үздік ондығын қарастырайық. Олардың қайсысында 2024 жылы теңгелік салымдарда ең жоғары өсімді көрсетті?
Топ жарған көшбасшы – Bank RBK. Мұнда жыл бойына бірден 60,1%-дан, жыл басына дейін өсім 359 миллиард теңге болған.(сектор бойынша орташа өсім 23,8%). Тек желтоқсан айында банк халықтың теңгелік салымдарының портфелін 14,9%-ға ұлғайтты. Бұл – сегменттегі рекордтық көрсеткіш. Жалпы жеке тұлғалардың банктегі қолжетімді валюталардың барлық түріндегі салымдары 2024 жылдың қорытындысы бойынша 639,4 миллиард теңгені, оған қоса жылына 32,4% өсімді құрады.
Bank RBK-ның өнімдері де әдеттегідей қазақстандықтардың қызығушылығын тудыруда. Банк сегментіндегі ең танымал өнімдердің бірі – Safe жинақ депозиті. Бұл депозиттің басты артықшылығы — 10%-дан 17,25%-ға дейінгі жоғары сыйақы мөлшерлемесі (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 10% -дан 18%-ға дейін). Сондай-ақ, қолданылу мерзімі ішінде төлемге арналған премиум дебеттік картасын тегін шығарып, қызмет көрсету комиссиясынсыз қолдану мүмкіндігі бар.
Халықтың шетел валютасындағы салымдары депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіретін банктерде 6,1 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық.
Қазақстан бойынша бөлшек және корпоративтік сегменттегі жалпы депозиттік портфель рекордтық 42,5 триллион теңгеге жетті.
Қазір теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелер бірнеше ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда жоғарылағанын ескерген жөн. Өткен жылдың қараша айының соңында Ұлттық банк ұзақ уақыттан бері алғаш рет базалық мөлшерлемені бірден 1 проценттік тармаққа 15,25%-ға дейін көтерді.
2025 жылдың қаңтарында реттеуші мөлшерлеменің осы деңгейде сақталатынын мәлімдеді. Ал келесі шешім 7 наурызда белгілі болады. Әзірге қазақстандықтардың жоғары мөлшерлемені пайдаланып, қолайлы шарттармен ұлттық валютада депозит ашуға мүмкіндігі бар.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 05.04.2021ж. берген № 1.2.100/245/41 лицензиясы