Бангладеште түрі 80 жастағы қарттан аумайтын сәби өмірге келді
Бангладеште сирек кездесетін тері қартаюы ауруына ұшыраған сәби өмірге келді.
Әйгілі голливудтық “Бенджамин Баттонның жұмбақ оқиғасы” деп аталатын фильм желісі өмірде де қайталанды. Оқиға Магура қаласында болған.
Сирек кездесетін генетикалық ауытқуға қарамастан нәрестенің ата-анасы оның өмірге келгеніне риза екен. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай ауруға төрт миллионннан тек бір сәби ғана шалдығады екен. Бұл сәбидің де бет-жүзінде тері қартаюы белгілері анық байқалады.
Бұл ерлі-зайыптылардың екінші баласы екен. Олар баланы қандай күйде болса да қабылдайтындарын және оны ерекше махаббатпен өсіретіндіктерін мәлімдеген. Алайда мұндай ауруға шалдыққан балалар әрі кетсе 13 жасқа дейін ғана өмір сүреді.
Оқи отырыңыздар:
Жолаушылар ұшағы маңынан белгісіз нысан ұшып өтті
Playboy журналына алғаш рет хиджаб киген мұсылман әйел шығады
ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды