Бангладеште бір басты сиам егіздері дүниеге келді (видео)
Бүкіл әлем дәрігерлері Рабия және Рукия есімді сиам егіздерін қалай ажыратуды ойлап бас қатыруда. Қыздардың миы бөлек, алайда оның қабыршағы ортақ.
Жүйке тіндері мен қантамырларын миллиметр миллиметрлеп ажырату қажет. Операцияның сәтті аяқталу мүмкіндігі 50/50. Бүлдіршіндердің екеу екені және олардың басы біріккені туралы тек туғаннан кейін белгілі болған. «УДЗ-да дәрігерлер ешқандай ауытқуды анықтаған жоқ. Алайда 8-ші айда мен ауыра бастадым. Дәрігерлер баланың басы денесінен үлкен екенін айтып, оны миындағы судың кесірінен деп болжамдады. Олар маған дәрі жазып берді», – дейді сиам егіздерінің анасы Таслима Хатун. Енді дәрігерлер алдында қиын таңдау тұр – егіздердің тек біреуі ғана аман қалады. Ал егер операция сәтсіз аяқталса, екеуі де көз жұмады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте 11 айлық сәби тәуіпке көрсеткеннен кейін қалшылдай селкілдеп шетінеп кеткен
Сирияда туған сиам егіздері ажырату операциясына дейін шетінеп кетті
АҚШ-та көлікте қалған 15 айлық егіздер күннің ыстығынан шетінеп кетті