Балықшы суға батып бара жатқан қыздарды қармақпен құтқарып қалды (видео)

Аргентинада балықшы қармақтың көмегімен суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды.

Балықшы суға батып бара жатқан қыздарды қармақпен құтқарып қалды (видео)

Оқиға 25 қарашада Хенераль-Альварадо муниципалитетіндегі жағажайлардың бірінде орын алған. Эрнан Мария Галарца балық аулап жүріп, сол маңда күнге қыздырынып жатқан үш қыздың аяқ астынан жоқ болып кеткенін байқайды. Артынша ол толқындарға қарап, сөмкеге ұқсайтын заттарды көріпті. Бірнеше секундтан кейін Галарца олардың сөмке емес, қыздар екенін түсінеді, деп хабарлайды Clarin басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Балықшы қармағының бауы оратылып қалғанын байқап, оның бағытын анықтайды. Сөйтсе, суға батып бара жатқан қыздардың бірі бауды қолына орап алыпты. Гларца қыздарға айқайлап,  құтқарып алатынын айтқан. Ол біраз уақыт бойы қармақтың бауын тартуға тырысып, артынша көмек іздеуге жүгіреді. Балықшы жағажай маңынан 17 жастағы жасөспірімді көріп, одан суда жүзе алатын-алмайтынын сұрапты. Анықталғандай, жасөспірім өмір бойы құтқарушы болуды арамандаған екен. Сондықтан ойланбастан суға күмп береді.

Балықшы көмек іздеп жүрген кезде қыздарды бірі судан өзі шығыпты. Жасөспірім тағы бір қызды судан шығарып алды. Бұл кезде Гларца үшінші қызды қармақтың көмегімен ұстап тұрған. Оларды құтқару үшін шамамен 20 минут кетті.

Ажалдан аман қалған балалардың жасы 11-13 жас аралығында екен. Олар судан қармақтың бауын қалайша байқап қалғанын түсінбегендерін мойынады. Балықшының сөзінше, абырой болғанда, қармақтың бауы үзіліп кетпей, қыздарды құтқару мүмкін болды.

«Қатты қобалжып, есім шықты. Олардың қалай өлгенін көру өте қорқынышты болар еді. Егер оларды құтқаруға тырыспасам, мұндай сұмдық көз алдымнан өмір бойы кетпейтін еді», – дейді Галарца.

Артынша қыздар алғашқы медициналық көмек көрсету пунктіне жеткізілді.

Оқиға орын алған жағажайда суға түсу қауіпті саналады: онда тастар көп әрі толқындары қатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Химиялық кастрация жасайды: Қаратаудағы 9 жасар баланы өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Қылмыскер бүлдіршіннің денесін өртеп, велосипедпен әкетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі қашан беріледі

Алматыдағы мектеп жанында жеті жасар қызды қағып қашып кетті

Қызды жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек орталығына алып кетті

Елімізде жоқ облыс атында 1,3 млрд теңге қарыз бары белгілі болды

Есеп комитетінің басшысы мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды

"Фабрика" тобының бұрынғы әншісі ислам дінін қабылдап, ауылда тұрып жатыр

Әпкесі әншінің өз еркімен және саналы түрде мұсылман әйел болғанын айтады

Ерке Есмаханның пластикалық отаға жүгінгені рас па

Диас Аблаев: Жанынан қарағанда тіпті жаман көрінеді

Марат Достаев: Қайрат Әділгерей көп сөйлемесінші

КВН түлектері мен кәсіби актерлер арасында тағы да тартыс басталды

Хакерлер Android бағдарламалы смартфондарға құлаққап арқылы да шабуылдай алады

20 елдің жоғары лауазымды тұлғалары хакерлік шабуылдың құрбаны болды

Мәрлен Айнабеков «Охотзопром» басшысы болып тағайындалды

Ол орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

Қан қысымы: Қалай дұрыс өлшеу керек, жас бойынша нормалары және нормадан ауытқу себептері

Адамның жасы қаншалықты үлкен болса, оның қан қысымы соншалықты жоғары болады
Çàãðóçêà...