Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта ер адам көршісінің итін пышақтап тастады

Балқашта ер адам хаски итіне иесінің көзінше үш жерінен пышақ сұғып алған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Иттің иесінің айтуынша, кешкі серуеннен кейін оларды бейтаныс ер адам күтіп алып, жөнсіз итін пышақтай бастаған. Әйел итін қолына алып қашса да, әлгі ер адам соңынан қуған. Араға 10 сағат салып әлгі ит ветеринарлық клиникада өледі. Ал әйел күйзеліске түскен.

Ер адам ит иесінің көршісі болып шықты. Тек бір қабат төмен тұрады екен. Ол бұл әрекетін иттің дауысынан қатты шаршағанымен түсіндірген. “Жақсылық жаса” қоғамдық бірлестігінің еріктісі Анастасия Септтің айтуынша, иттің иесі осы уақытқа дейін өздеріне қауіп төніп тұрғанын айтып шағымданған. Бірақ, сол сәтте иттің иесі бұл сөздерін дәлелдей алмаған екен. Анастасияның айтуынша, адамдар мұндай мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысулары қажет.

“Полиция шағымды қабылдап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Бірақ, елімізде жануарларға зорлық-зомбылық көрсеткен адамдарға жаза қолданылмайды. Яғни жануарларды қорлаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сол себепті, біз прокурор Балқаш Сәлімбаевтың атына петиция жаздық”, – дейді Анастасия ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысындағы алапат өрт: 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматыда асфальт жаңбырға шыдамай опырылып жатыр (видео)

Алматыда той лимузині өртке оранды

Екі жігіт тапа тал түсте шешесін сабап, қызын алып қашқан

Талқылау