Балқашта бензин ішіп көз жұмған сәбидің ата-анасы жауапқа тартылады
Балқашта байқаусызда бенсин ішіп қойған сәби емхананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
«Сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол шамадан тыс иістеніп қалған. Денсаулығы тұрақтала алмады», – дейді Айжан Иса.
«Қауіпті жерде қалдыру» бабы бойынша сәбиің ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру немесе 3 жылға бас бостандығына шектеу қою жазасы тағайындалады.
Оқыс оқиға 28 шілде күні болған. Бұған дейін бензин ішіп қойған 1 жасар баланың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Суға кеткен баланың ата-анасы салғырттығы үшін 5 жылға қамалуы мүмкін
Талқылау