Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды

Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriotnews-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ерлі-зайыпты өз үйіндегі өрттен қаза тапқан.
Наталья Евгеньевна Шерстова мен Юрий Аркадьевич Шерстов зейнетке шыққан. Әйел психиатр болып жұмыс істесе, күйеуі құрметті спорт дәрігері еді.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте болған. Түскі уақытта туыстары өрт сөндіру қызметіне хабарласып, үй ішін қою түтін басқанын және өрт шыққанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ашық жалын болмаған. Үйдің ішінен ерлі-зайыптының мүрделері табылды.
Өрттің аумағы – 30 шаршы метр, шығу себебі анықталып жатыр.
Қаза тапқан дәрігерлердің ұлы – Сергей Шерстов Қарағанды қаласындағы №3 көпсалалы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет атқарады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік