Балқаш көлінде демалушылардың көптігінен жанармай құю бекеттерінде бензин таусылып қалған

Балқаш қаласына демалуға көлікпен барғандар жолда жанармай таппай, әбігерге түскен. Себебі көлге демалуға 60 мыңнан аса адам барған. Олардың көліктеріне Қарағанды мен Балқаш автобаны бойындағы жанармай құю бекеттері бензин жеткізе алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Автобанның Шет ауданы бөлігіндегі жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек болып, халық наразылық танытқан. Себебі Балқаш пен арадағы екі бекетте бензин таусылған. Жанармай жеткізетін көліктер келгенше жолаушылар күн астында күтіп отырған.
Балқашқа жеткен мыңдаған демалушы қаланың өзі мен көлдің жағасындағы демалыс үйлерін толтырған. Орталық жағажайлар күніне 10 мыңға жуық адамды қабылған. Сырттан 20 мың көлік кіргені. Үш күннің ішінде Балқаштың өзі мен көлі жағасынан 400 тонна қоқыс жиналған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қонаевқа қарасты Қапшағай жағажайында қайғылы жағдай болып, әйел суға батып кеткені туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды