Балықшылар Семейде өзенге құлап кеткен көлік жолаушыларының тағы біреуінің денесін тапты
Семейде балықшылар 5 қаңтарда өзенге құлаған автомобиль жолаушыларының бірінің денесін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аbainewskz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Аbainewskz
Дене 10 қаңтарда түн ортасында табылған. Кезекшінің пультіне жергілікті балықшылар жоғалған жолаушылардың бірінің денесін судан тауып алып шыққаны туралы хабарлама түскен. Кейін оқиға орнына ТЖД күштері дереу жолға шықты. Денені туыстары анықтайды.
Еске салсақ , қайғылы оқиға 5 қаңтарда сағат 06:30 шамасында болған еді. Төрт жолаушысы бар" Toyota Camry " қоршауды бұзып, тік жартастан өзенге қарай құлаған. Көліктен бір адам шығып, жағаға дейін жүзіп келген. Ал қалған үшеуі жоғалып кетті. Сол күні оқиға орнынан 11 шақырым жерде қыздардың бірінің денесі судан шығарылды.
Ертісте суға батқан төрт жолаушының соңғысын іздеу жалғасып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген