Баласы сабақтан қашса, ата-аналар 15 мың теңгеден бастап айыппұл төлейтін болды
Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді. Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы.
Бұл турал Астана арнасы хабарлайды.
Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді. Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар.
Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.
Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы: “127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз”, – дейді.
Жіберіп алмаңыз:
Сабақ басталмай жатып бірінші сынып оқушылары мектептен қуылып жатыр
Алматыдағы мектептердің бірінде биыл 1-сыныптан 17 класс жасақталды