Балапанды жегені үшін ашуланған: Маңғыстау облысында мысықты лақтырып жіберген жасөспірім кешірім сұрады (видео)
Ақтауда 14 жастағы жасөспірім марғауды қоршаудан асырып лақтырғаны үшін кешірім сұрап, видео жариялады. Оның сөзінше, мысық жарақат алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімнің сөзінше, оқиға 8 қазанда болған.
"Өзім бағып жүрген мысығым үйдегі балапанды жеген соң ашумен лақтырып жібердім. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды", – дейді ол видеода.
Ақтауда мысықтың басына секіріп, оны жарақаттаған азаматқа сот үкімі шықты
Сонымен қатар марғаудың тірі екенін және өз бетінше тамақтана алатынын айтып, тағы бір видео жариялаған.
Жасөспрімнің ата-анасын “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 127-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспіріммен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында жануарға қатыгездік танытқан сәті түсірілген тағы бір видео тарағаны жөнінде хабарлаған едік.