Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған тест пен бейнесабақтар: Oilau.kz балалардың білім алуына қалай көмектеседі

oilau.kz

Beeline Қазақстан, Мектеп Online жобасы және Hypermethod компаниясымен бірлесіп жоғары сынып оқушыларына арналған Oilau.kz онлайн платформасын іске қосты. Платформада математика, алгебра, физика және химия пәндерінен тегін бейнесабақтар бар.

Платформа қиын пәндерді меңгеруге көмек керек оқушыларға және репетитор қызметіне балама іздейтін ата-аналарға арналған. Сондай-ақ платформа салаға енді қадам басқан мұғалімдерге оқу әдістемесін үйренуге, тәжірибесін жетілдіруге пайдалы құрал бола алады.

Oilau.kz платформасының басты артықшылығы – сабақтар қысқа форматта. Әр бейнесабақ орта есеппен 10-15 минутқа созылады. Бұл оқушыларға материалды жеңіл меңгеруге және оқуды күнделікті кестеге ыңғайлы етіп қоюға мүмкіндік береді.

Платформада қазір 3 700-ден астам бейнесабақ пен мыңдаған тест бар. Олар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Бейнесабақтарды елдің жетекші мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері дайындады.

Мектеп OnLine контенті бірнеше жыл бойы қолжетімді, ашық болып, жалпы 100 миллионнан астам қаралым жинады. Енді ол Oilau.kz платформасында тесттер мен практикалық тапсырмалармен біріктіріліп, біртұтас оқу жүйесіне айналды.

Mektep Online жобасының негізін қалаушы әрі идея авторы Аружан Саин оның әлеуметтік маңызын атап өтті.

"Бүгінде көп ата-аналардың репетитор қызметін төлеуге мүмкіндігі жоқ. Әсіресе отбасында бірнеше оқушы болса қиынырақ. Ал әр баланың өз қабілеті мен әлеуеті бар. Біздің міндетіміз – баланың тұрғылықты жері мен отбасының қаржылық жағдайына қарамастан, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету".

Oilau.kz платформасы веб-нұсқада қолжетімді және Beeline Қазақстанның Janymda қосымшасына біріктірілген.

Платформаның негізгі мүмкіндіктері – бейнесабақтарды көру мен тест тапсыру барлық қолданушылар үшін тегін. Жақын арада Janymda қосымшасында платформаның кеңейтілген функциялары қосылады. Бұл тестілеуді жеңілдетіп, оқуды тиімдірек етеді. Сондай-ақ оқу процесіне көмектесетін жасанды интеллект құралдары енгізіледі. Қосымша мүмкіндіктер премиум форматта ұсынылады.

Фото: Максим Цвыков, Beeline Қазақстанның "Цифрлық платформалар және ойын-сауық" макробизнесі директоры

"Бүгінде телеком – байланыс қана емес, адамның дамуына арналған цифрлық орта. Oilau.kz платформасын іске қосу арқылы біз Beeline компаниясының технологиялық рөлін кеңейтіп, білімді бәріне теңдей қолжетімді ететін инфрақұрылым жасаймыз. Біздің мақсатымыз – өз тәжірибеміз бен мүмкіндігімізді пайдаланып, сапалы білімді елдегі әр оқушыға қолжетімді ету", – деді Beeline Қазақстанның "Цифрлық платформалар және ойын-сауық" макробизнесі директоры Максим Цвыков.

Технологиялық платформаны ұсынған Hypermethod компаниясының бас директоры Юрий Перепелицын жобаға қатысты былай деді:

"Біздің LMS eLearning Server платформамыз осындай әлеуметтік маңызды білім жобасында қолданылғанына қуаныштымыз. Платформа көп көлемдегі контентпен және пайдаланушылар санының өсуімен тиімді жұмыс істей алады. Сондықтан ол Oilau.kz үшін сенімді әрі масштабталатын техникалық негіз болады”.
STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 09:00