Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламның іші ауырып 6 сағат дәрігерді ұйқысынан оята алмадық": Арыстық ата-ана 4 жасар баласын жер қойнына тапсырды

4 жасар бала арысФото: Stan.kz

Төрт жастағы Әлирахман Сейітханға диагноз нақты қою үшін мекемеде не компьютерлік томография, не МРТ аппараты болмаған. Құрылғы тек облыстық емдеу мекемесінде ғана бар дейді. Ал оған балақайды аман жеткізетініне ешкім кепілдік бере алмаған. Ақырында бала жан тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арыс қаласындағы ауруханада екі апта бойы жатқан Әлирахмен Сейтхан есін жимаған күйде жан тапсырды. Жалғыз ұлынан айрылған ата-ана баланың өліміне ақ халаттыларды кінәлайды. Сөздерінше, дәрігерлер дер кезінде қарағанда мұндай қайғы орын алмас еді.

“Ауруханаға түнгі үш жарымда түсіп, таңғы тоғызға дейін қараусыз жаттық. Сол аралықта бала сөйледі. Соған қарап мен де дау шығармадым. Балам су ішкісі келді. Үлкен дәретке бармақшы болды. Айтқанының барлығын жасадым. Ауруханаға асығып барғанымызбен ол жақтағылар бізге көмек көрсетуге асыққан жоқ. Таңға жуық бала есінен айрылды. Дәрігер жанымызға сол кезде бір ақ келді”, – дейді Ұлжан Жүзей. 

Төрт жасар Әлирахман сол құлағаннан қайта тұра алмаған. Ал Арыстық дәрігерлер болса баланың диагнозын сол күйі анықтай алмады дейді анасы. Өйткені мекемеде не МРТ аппараты да, КТ аппараты жоқ екен. Мамандар қол қусырған күйде қалды деген ата-анасы жан-жақтың бәріне арызданған. Содан кейін Астанадан арнайы маман келіпті. 

“Бұл жақта аппарат жоқ. Сондықтан диагнозды анықтай алған жоқ. Прогнозбен тек вирусный инцефалит деді. Вирусқа анализ алды. Анализ таза шықты. Сосын біз республикалық реанимотолог шақырттық. Ол кісі келді баланы көзімен көрді. Бұлардың қойған диагнозын ол кісі алып тастады. Сөйтіп Әлирахманға дәрілер жазып кетті. Баланы қозғалтуға тыйым салды. Тек жұма күні дәрілерді беруді тапсырды. Бірақ ұлым оған жетпеді”, – дейді марқұмның анасы. 

10 қазан күні Арыстағы ауруханаға түскен Әлирахман 23-не жан тапсырды. Баланың жансыз денесін дәрігерлер жеткізді. 

“Тергеуші келгенде мейірбике сол түні дәрігерге үш рет барып оята алмағанын айтты. Бұл қалай сонда? Адамның өмірі қыд үстінде тұрғанда өз кезекшілігінде ұйқыдан ояна алмағаны қалай? Осының бәрін сол кезекші дәрігерден сұрасақ жауап бермейді. Қайта өзімізге адам жіберіп, арыз-шағымды қайтаруды сұрапты. Естуімше сол аурухананың бас дәрігері депутат болуға қамданып жүр. Біз өз жұмысына жауапсыз қараған жауаптылар жазалансын дейміз”, – дейді Ұлжалғас Жүзей. 

Әлирахманды ата-анасы, ата-әжесі қайғыдан қан жұтып ақтық сапарға шығарып салды. Бала ауруханаға талмасы ұстап түскен. Қаралы отбасы бұған дейін мұндайын көрмегенін айтады. Ал мекеме басшылығы ауруханадағы бала өліміне дейін-ақ қызметтік тексеру басталғанын айтқан еді.

Айта кетейік, емдеу мекемесінің бас дәрігері бұрын қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Алайда құқық қорғау органы аталған жағдай бойынша нақты мәлімет бермеді.

`


Ақтөбеде дәрігерді өлтіріп, денесін бір апта мұздатқышта сақтаған әріптесі 20 жылға сотталды


Астанада қарапайым операциядан кейін әйел көз жұмған: Қызы дәрігерлерді айыптап отыр


Еске салайық, Әлирахман 10 қазанда Арыстағы ауруханаға талмасы ұстап түсті. Алайда медбике кезекші дәрігерді оята алмай, бала таңғы тоғызға дейін қараусыз қалған деп хабарланды. Кейінгі екі апта бойы комада жатқан бүлдіршін есін жимады.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 10:38
Талқылау