"Баламыздан айырылып қалдық": Үкілі бала Ерболсын жаңа үйленген әйелімен ажырасып кеткенін айтты
Ел арасында Үкілі бала атымен танылған Ерболсын Серікбаев әйелімен ажырасып кеткенін айтты. Жаңа үйленген жұп әлдебір себеппен екі жаққа кеткен. Бұл жайлы Ерболсынның өзі айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
18 жастағы Ерболсын Серікбаев сүйіктісін кездестіріп, отау құрғанын айтқан еді. Емші бала жастығына қарамастан ерте шаңырақ көтеруге асықты. Алайда әйелімен жарастығы алысқа бармаған. Оның себебін өзі түсіндіріп берді.
“Ол Адайдың қызы. Ақтауда тұрады. Ата-ананың рұқсатын алып, бас қостық. Бірақ заң жүзінде үйленген жоқпыз. Шілде айына дейін бірге тұрдық. Дубайда жүргенде құрсақтағы баладан айырылып қалдық. Мүмкін сол да әсер еткен болар. Әйел баласынан айырылғанда күйзелісте жүреді. Ол да күйзеліске түскен шығар. Арамыз суи бастады. Сезіміміз суи бастағандай. Бір-бірімізге басқаша қарай бастадық. Сыйластығымыз жоғала бастады. Солай екі жаққа кеттік. Жақсы көрмесек, бірге қинап тұрған оңай емес”, – деді емші бала.
Ерболсын бұрынғы әйелімен мүлде хабарласпайтынын айтады. Екінші рет отбасын құруға асық емес.
“Бұл ойланып барып қабылдайтын шешім. Мен қазір үйлену туралы ойлап жүрген жоқпын. Әлі жаспын. Алдағыны Алла біледі. Әйеліммен сол күйі хабарласпай кеттім. Екі жақта жүргеніміз дұрыс шығар. Екеуміз де жаспыз. 18 жасымызда үйлендік”, – деді Серікбаев.
Үкілі бала өткен күндері үшін еш өкініш білдірмейді. Ал ел арасында айтып жүргендей отбасының шайқалуына әнші Нәзиманың түк қатысы жоқ.
“Мен ешнәрсеге өкінбеймін. Мен сүюдің, махаббаттың, сезімнің не екенін ұғынып көрдім. Бақытты шақтарым басымнан өтті. Сондықтан өкінбеймін. Кейбір оқырмандар Нәзима үшін ажырастыңдар ма деп сұрайды. Менің айтарым, Нәзиманың еш қатысы жоқ. Нәзимамен жұмыс бабымен араластық. Ол менің жақсы досым. Басқа ешқандай қатынас жоқ. Оның менің отбасыма түк қатысы жоқ”, – деп күледі ол.