"Балам дайын болмады": Салтанат Бақаева 7 жастағы ұлын не үшін даярлық сыныбына бергенін айтты
“Арнау” тобының әншісі, актриса Салтанат Бақаева ұлын даярлық сыныбына бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/saltanat_bakayeva/
Өнер иесінің үшінші ұлы мектеп табалдырығын аттаған еді.
“Маған бәрі жазып жатыр, “Не үшін жеті жасқа толғанда даярлық сыныбына беріп жатырсың” деп. Ол бала 1-сыныпқа баруы керек деп уайымдап жатыр екен. Мен баламды жақсы білгендіктен, солай істедім. Айтөрем дайын емес сияқты. Жасқа қарамай, баланың дамуына қарау керек. Сіздердің балаларыңыз бара берсін. Біз даярлық сыныпқа қабылдандық”, – деп түсіндірді әнші.
-
Алматылық мектеп директорының алғашқы қоңыраудағы биі көпті тәнті етті (видео)
-
БҚО-да саралжындық бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында жаңа мектеп ашылды
Сонымен қатар әнші өзінің мектепте оқыған жылдарын есіне алып, суреттерін көрсетті.
“Кешелі бері мектеп-мектеп деп жүріп, өзімнің мектеп кезім есіме түсіп кетті. Бұл көйлегімді 11-сыныпта түлектер кешінде киіп едім. Қайран, 17 жас”, – деп жазды актриса.
Фото: https://www.instagram.com/saltanat_bakayeva/
Еске салайық, өнер иесі балаларының мектепке дайындығына қанша қаражат жұмсағанын айтқан еді.