Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалы болғаныма куә болсаң екен": Мақпал Жүнісованың қызының тілегі көптің жүрегін елжіретті

Мерей Заманбекқызының Мақпал Жүнісоваға тілегі жұртты елжіреттіФото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal

Кеше, 11 желтоқсанда Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова туған күнін жақындарымен атап өтті. Кеш барысында анасына жүрекжарды тілегін жеткізген Мерей жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мерей Заманбекқызы анасына гүл сыйлап, ақ тілегін білдірген сәтін өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

“Жаным, анашым. Әрқашан жаныңдамын, сен де менің қасымда болып жүре бер. Бәрі айтып жатқандай, ертең мен күйеуге шығып, бала туып, сен соған куә болып, менің балаларымның әжесі болып жүре бер. Қуаныштымын. Бұл мен қалайтын болашақ. Сені өте қатты жақсы көремін, сіздей анам бары үшін Аллаға мың алғыс”, – деді ол.

Желі қолданушылары Мерейдің тілегіне тәнті болып, жылы пікірлер қалдырып жатыр.

“Ақ тілек қабыл болсын”, “Ақылды өзі”, “Мерейдің тілегіне біз де қосыламыз. Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін, Мақпал әпке”, “Мерейдің тілегі орындала берсін”, “Ақылды қыз, аман болып, анашыңды қуанта бер”, “Неткен ақылды жан”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы жайлы ел білмейтін шындығын айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 12:57