Балаларына ерекше есім сыйлаған қазақстандық жұлдыздар
Қазақстандық жұлдыздар өнер жолында ерекше болып қана қоймай, отбасылық өмірде де даралануды жөн көреді. Балаларына ерекше есім беріп, болашақтарының жарқын болғанын қалайды.
Мұрат пен Алеся Мұтырғановтар ұлдарына Майкл деген есім берген екен. Мұраттың айтуынша, баласының есімі латын тіліндегідей “Микаэль” деп айтылуы тиіс. Бұл – үш діни кітапта қатар жазылған періштенің есімі.
Алмас Кішкенбаев қызының есімі – Зере. Иран тілінен аударғанда “алтын”, “тазалық” сынды мағынаны білдіреді.
Лидоның үлкен қызының есімі – Риана. Бір қарағанда әйгілі әншіге ұқсатып қойылған деп ойлауымыз мүмкін. Алайда түп төркіні басқа. Риана есімі аударған кезде “Жаратқанның сыйы” деген мағынаны білдіреді. Бұдан өзге бұл есімді “Рианно” әйел құдайымен байланыстырады. Рианно әйел құдайы өзінің мейірімділігімен ерекшеленеді.
Бақыт Шадаева қыздарының есімі мүлде ерекше. Бірінікі Урсула болса, екіншісінікі Алиша. Алғашқысы таудан арқырап аққан таза суды, екіншісі “қайталанбайтын” деген мағынаны білдіреді екен.
Ерболат Беделхан қызына қарапайым есім қоюды жөн көріп, “Мейірлен” есімін таңдаған.
Әнел Әрінова көптен күткен сәбиіне “Имран” деген есім берген. Араб тіліне тән есім Құран кітабының бірнеше жерінде аталады. Иса пайғамбардың атасын осылай атаған екен.
Сәнбике әрі актриса Әсел Сағатова халықтың алдында жүрген адам болса да, отбасы туралы еш жерде айтпайды. Күйеуінің немесе баласының да суреттерін көрсетпейді. Алайда жолдасы екеуінің балаларына Алдияр есімін бергені анық. Араб тілінен аударғанда “дос” деген мағынаны білдіреді.
Бүркіт пен Айша тұңғыштарының атын “Зейін” деп қойған екен. Есімнің түп-төркіні араб тілінде жатса да, қазақ тіліндегі сана, зерде, ой, назар сынды сөздердің синонимі ретінде қолданылады.
Қайрат Нұртастың өзі жоққа шығарса да, Neke.kz порталы әншінің Алау, Сезім, Нарұл, Хан есімді балаларының бар екені жазылған. Бұл есімдер де көп кездесе бермейді.
“Метис” тобының экс солисі Валерий Задарновский қызының есімі – Амели. Бұл – Амал есімінің түрленген нұсқасы. Араб тілінен аударғанда “еңбекқор”, “үміт” сынды мағынаны білдіреді. Амели атауын еуропалықтар да балаларына қойып жатады.
Линда Нигматулина ұлының атын “Альрами” деп қойған екен. Бұрын-соңды көп естілмеген есім “мақсатына ұмтылушы” дегенді білдіреді. Ал Линданың өз есімін әкесі Брюс Ли әйелінің құрметіне қойған екен.
Мейрамбек Беспаев тұңғышының есімін “Кәусар” деп қойған болатын. Елімізде көп қойылатын есім жұмақтағы бұлақтың атауы.
Биыл төртінші перзентін дүниеге әкелген Динара Сұлтанның қыздарының да есімі ерекше. Тұңғышының аты – Сурая.
Қазақы есімдер. Қызыңызға қандай есім бердіңіз? >>>