“Балаларын керек етпей қалды”: Шавкат Рахмоновтың әйелі спортшымен ажырасқанын мәлімдеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлайым Рахмонова спортшымен ажырасып кеткенін жария етті. Сондай-ақ ол ажырасқаннан кейін Шавкат Рахмоновтың өз балаларынын бас тартқанын айтты.
“Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", – деп жазды Гүлайым Рахманова өзінің инстаграм парақшасында.
Алайда бұл жайлы Шавкат Рахмоновтың өзі әлі ресми ақпарат берген жоқ. Ал редакция Гүлайым Рахманованың өзімен байланысқа шыққан еді жауап бермеді.
Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты бойынша істе жәбірленуші кешірім берді
Бұған дейін Гүлайым Рахмонова 2025 жылы шілде айында жол көлік оқиғасына байланысты бас дауға қалып, қоғамда шу болған еді. Гүлайым Рахмонова тізгіндеген көлік аварияға ұшырап, 2 адам қаза тапқан.
Айта кетейік, спортшының балаларының аты-жөні мен сыртқы ұқсастығынан өзге, бұл әйелдің Шавкат Рахмоновтың жұбайы екеніне нақты дәлелдер әзірге жоқ. Оның өзі бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.
Әлеуметтік желіде кейбіреулер мұны үкім шығарар алдындағы алдын ала ойластырылған тактика болуы мүмкін деп болжайды. Себебі отбасы ажырасып, әкесі балалармен араласудан бас тартқан жағдайда, сот жаза өтеуді кейінге қалдыруы ықтимал.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған