"Балаларымызға мұра болып қалады": Құралай Анарбекова мәһрге не сұрайтынын айтты
Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/
Отандық киножұлдыз елімізде тұрмыс құрмаған қыздарға қысымның көп екенін журналист Дина Төлепбергенге айтып берді.
“Шыны керек Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатынын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде "ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал" деп асықтырып жатады. Мен оны кім үшін жасауымыз керек деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің бе? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ой келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі", – деді актриса.
-
"Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге": Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды
-
"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады
Сонымен қатар өзі тұрмыс құрып жатса, мәһрге не сұрайтынын да айтты.
“Оның алдындағы сұхбаттарда айтып жүрмін. 2 мың дана кітап сұраймын. Оны бір уақытта беру міндетті емес. Күйеуім екеуміз жылдар бойы жинасақ екен. Балаларымызға мұра болып қалатындай отбасылық кітап қорын жасағым келеді. Кейін балаларымыз “Атамыз бен әжемізден қалған” деп айтып жүрсе деген ниетім бар”, – деді киножұлдыз.
Еске салайық, 2 аптада 1 миллиард теңге жинап, Құралай Анарбекованың фильмі рекорд орнатқанын жазған едік.