Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дене қызуы түспей қойды": Демалыстан оралған Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалды

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Мақпал Исабекова шетелдегі демалысынан кейін  оқыс оқиғаға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі кішкентай қызының ауырып қалғанын айтты. Демалыстан оралған бойда ауруханаға түскен. 

"Таңертеңнен бері Илайдың температурасы түскен жоқ. Бізді ауруханаға жатқызды. Барлығына жұмыс туралы жауап беруім керек еді, мені жоғалтып алмаңыздар! Жағдайы жақсарған кезде хабарласамын", – деп жазды әнші.


  • "Мені қаралап, жала жапты": Әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына ұшырағанын айтты

  • "Бала туғанымды дәлелдей алмай жүрмін": Мақпал Исабекова үкіметтің жәрдемақысын ала алмай жүргенін айтты


Одан кейін балалардың ауырмауын тілеп, жазба арнады. 

“Балалар ауырмасын! Құдайға шүкір, не сапарда, не жолда басталған жоқ. Құдайға шүкір, үйде, мына ауруханада, дәрігерлердің бақылауында болды. Өзімді жайлы сезінемін", – дейді ол.

Фото: Жеке парақшадан алынды

Еске салайық, әнші қызының есімін еврей тілінен алғанын жазған едік. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 17:10
Талқылау