Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға қауіпті ойыншықтар анықталған: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға балалар үшін қауіпті ойыншықтар анықталғанын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Комитет Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін балалар ойыншықтары анықталғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ойыншықтардың 97 пайызы Қытайдан, 3 пайызы ЕАЭО елдерінен әкелінген.

"Комитет азаматтарды ойыншықтарды сатып алу кезінде абай болуға шақырады. Күмәнді жерлерден ойыншық алмаған дұрыс", – делінген хабарламада.

Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өнім шыққан елдің атауы, ойыншықты қолдана алатын баланың ең төменгі жасы, өндірілген күні міндетті түрде көрсетілуі қажет. Ойыншық туралы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс.

"Таңдау кезінде бояғыштың тұрақтылығын тексеріңіз. Жұмсақ ойыншықтың жиектері өткір болмауы керек, мата тығыз болуы керек және ойыншықтың өткір, жағымсыз бөтен иісі болмауы қажет. 3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлекті ойыншық алып бермаген жөн", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін  депутат Ержан Бейсенбаев талапқа сай емес тауарларды нарықтан мәжбүрлі түрде алуды ұсынған еді.

Талқылау