Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Қазақстан жаңалықтары Павлодар Балалардың өмірі үшін бастарын қатерге тіккен екі полиция қызметкеріне демеушілер 10 миллион теңге материалдық көмек көрсетті.

20170219105417

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Кеше Павлодарда оқушылар мінген автобусты қалаға әкеле жатқан полиция қызметкерлері жол апатына ұшыраған еді. Олар кенеттен қарсы жолға шығып кетіп, балалар отырған автобусқа қарай келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан болатын. Осылайша, тәртіп сақшылары балаларды жол апатынан аман алып қалды. Жантүршігерлік жол апаты «Астана-Павлодар» тас жолында болды. Қатты соққыдан тәртіп сақшыларының бірі ауыр жарақат алды. Полиция қызметкерлері болмағанда автобуста отырған 18 оқушымен 4 тәрбиешінің аман қалуы екіталай еді. Кешеден бері жансақтау бөлімшесінде ессіз күйде жатқан Мұрат Нұрсейітов бүгін есін жиды.

“Мен бірінші кезекте апат болған жерге жылдам келіп алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Екіншіден, қалалық аурухананың дәрігерлеріне. Қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатыр. Бұл жерде өз ісінің шеберлері жұмыс істейді”, – дейді Баянауыл аудандық ІІБ қызметкері Мұрат Нұрсейітов.

“Ауыр науқас, көп жерден сүйектері сынған. Қабырғасы сынған. Бүгінгі таңға қарағанда хал-жағдайы орташа. Өміріне қауіп жоқ”, – дейді №1қалалық аурухананың реаниматологы Нұрлан Қасымов.

Мұрат Нұрсейітовтің жақындары кешеден бері жансақтау бөлімінің есігін күзетіп жүр. Олар жол апаты болғанын ести сала, Баянауылдан Павлодарға жеткен.

“Оның тек қана алға қойған жағдайы балаларды құтқару. Себебі ең бірінші оның өзінің жұмысы адамдарды осылай қиын жағдайда құтқару”, – дейді Мұрат Нұрсейітовтың зайыбы Әсел Нұрсейітова.

Бастарын қатерге тігіп, балалардың өміріне араша болған Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтың ерлігі көпке үлгі етуге тұрарлық. Қызметтік міндетін мүлтіксіз орындаған тәртіп сақшыларының әрқайсысына демеушілер 5 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетті.

Бұған дейін оқушыларды жарысқа жеткізіп тастамақшы болған полицейлер өз өмірін қатерге тіге отырып құтқарғаны жайлы жазған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Танымал журналист «Мен еркекпін!» деп өзіне сене алатын азаматтарға үндеу жариялады

 

Талқылау