Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура интернетте суицидті насихаттау бойынша үш қылмыстық іс қозғады

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов балалардың суицид жасауына ықпал етуі мүмкін Telegram арналардың жеке бақылауына алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ол мұндай арналардың барлық жазылушылары мен олардың әкімшілері тексерілетінін айтты.

Берік Асылов прокуратураның 3 бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату” бабы бойынша іс тексерілуде. Қылмыстық істерді тергеу үшін арнайы прокурорлар тағайындады.


 


"Бірнеше Telegram арнасының қатысушылары мен әкімшілері балаларды суицидке итермелейтін контентке қатысты тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз", – деді ол.

Бұл ретте ішкі істер министрлігі елдегі барлық суицид фактілерінде белгілерінің бар-жоғын тексеретін болады. Бас прокурор тергеу барысын жеке бақылауына алды.

"Басқа да әлеуметтік желілерде мұндай парақшаларды тексеретін боламыз. Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарға құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырыстар жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін қарастырамыз", — деді Берік Асылов.

Талқылау