"Балаларды сутенерлер мен жезөкшелер жаттықтырған": Маңғыстауда депутаттың ArtSport-қа қатысты мәлімдемесіне жауап берілді
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы депутаттың бұрынғы сутенерлер мен жезөкшелер ArtSport бағдарламасы арқылы жаттықтырушы болып жұмыс істегені туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Art Sport бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жаттықтырушылар соттылықтың бар-жоқтығына тексеруден өткен. Маңғыстауда спорт жаттықтырушылары арасында құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
"Барлық құжаттар тексеруден өтуде. Жергілікті атқарушы органның операторына жаттықтырушылар арасында соттылығы бар адам анықталған жоқ. Үш ірі құзыретті тексеруші орган спорт жаттықтырушыларында құқық бұзушылық фактілерін анықтамады", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанның алты өңірінде Аrtsport бағдарламасы аясында балаларды бұрынғы сутенерлер мен жезөкшелер жаттықтырды деп ашуланған еді. Оның айтуынша, елімізде осындай 20 дерек тіркелген.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді