AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларды ойладым": Мектеп директоры қарағайлардың неліктен шабылғанын түсіндірді

Текелі қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп директоры өзі басқаратын білім ошағының ауласында өсіп тұрған 16 самырсын ағашын еш рұқсатсыз кестіріп тастады. Жас қарағайлардың құлап жатқанын көрген тұрғындар бұған наразылықтарын білдірді. Мектеп директорының бұған қарсы айтар өз уәжі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

қарағай

Мектеп директорының сөзінше, ағаштар оқушылардың үстіне құлап кетуі мүмкін екен. “Балалардың, мектеп ұжымының қауіпсіздігін ойладым” деген ол кесілген ағаштардың орнына алдағы күзде жас талдар егілетінін мәлімдеді. 

“Ертең оқушылар мектепке келгенде оларға не айтады? Беттеріне қалай қарайды? Түсінбеймін! Ешбір рұқсат қағазынсыз 16 жас балқарағайды құлатып тастады. Өткен жылы 30 ағашты кестірді. Сондықтан мектеп директоры тек әкімшілік жазамен құтылып кетпеуі керек. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс”, – деді қала тұрғыны Николай Костюк. 

Ал директор кінәлі болса, заң алдында жауап беруге дайын екенін айтты. 

“Әрине, обал. Кінәмді мойындаймын. Осы мектепте мыңнан аса бала оқиды. 30 кішкентай бүлдіршініміз балабақшаға келеді. 100-ден аса қызметкер бар. Балалар осы мектептің ауласында жүгіріп жүреді. Мен бұл жерде ағаштарды ойламай, балалардың, мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін көбірек ойладым. Ал енді жағдай былай болғаннан кейін біз қара күзде көп, 10 есе қылып егуді жоспарлап отырмыз”, – деп мәлімдеді мектеп директоры Жанар Жақыпбекова. 

Айта кетейік, бұған дейін Текеліде 33 жыл бұрын отырғызылған қарағай ағаштары шабылғаны туралы хабарлаған едік. Бұл жайт қала тұрғындары мен белсенділердің ашуына тиген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр