Балаларды қорғау күні қашаннан бастап ресми мерекеге айналады – Еңбек министрі Светлана Жақыпова жауап берді
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова 1 маусым – Балаларды қорғау күніне мемлекеттік мереке мәртебесін беру туралы шешім қашан қабылданатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ол мемлекеттік органдар ұстанымы бойынша анықталады. Оның ішінде мәдениет министрлігі де бар – оларда "Мерекелер туралы" заң бар. Оның ішінде әділет министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі де бар. Жақын арада шешім қабылданады деп ойлаймын", – деді Светлана Жақыпова.
Еске салсақ, таяуда мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан 1 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынған еді.
"Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ерекше маңызға ие. Аталған шараны енгізу арқылы Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік күн тәртібінде айқындай аламыз. Ата-аналардың балаларымен көбірек уақыт өткізу мүмкіндігі арқылы отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайтып, балалардың құқықтарын қорғау, олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселелеріне қоғам назарын арттыруға болады", – деген еді депутат премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
