Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарды қауіпті балалар сектасы туралы қауесет дүрліктірді

Әлеуметтік желілерде қостанайлық жасөспірімдер сауда орталықтарының маңында қоғамдық тәртіпсіздік акциясын ұйымдастырмақшы деген хабар тарады. Ақпарат жұртшылықты алаңдатып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Наш Костанай” баслымына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер жапониялық анимедегі “Рёдан” командасының акциясын қайталамақ болған. Олар субмәдениетшілердің жалпы жиналысын ұйымдастыруға тырысқан. Полиция арнайы ашылған Telegram чатын да тапты. Осыған байланысты сауда орталығында полицияның күшейтілген жасақтары кезекшілік етті.

Алайда ешқандай акция ұйымдастырылмаған, полиция әзірге алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. 

“Рёдан” – “Hunter x Hunter” жапон аниме сериясындағы 13 адамнан тұратын топ.
Қылмыстық топтың әрбір мүшесінің жеке реттік нөмірі бар, олардың киімдерінде 12 табаны бар өрмекшінің символы болады. 

Өздерін ешкімге бағнбайтынын және “күшті” екенін көрсеткісі келетін жасөспірімдер шаштарын өсіріп, өрмекшінің бейнесі бар киімдерді киеді немесе аксессуарларын тағып жүреді.

Бұл субмәдениеттің мақсаты – агрессивті әрекеттердің көмегімен өздерін таныту. Мысалы, Ресейде жасөспірімдер сауда орталығында төбелес шығарған болатын.

Талқылау