Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар – өмірдің гүлі": Баян Алагөзованың кенже қыздары желідегілерді елжіретті

Баян Алагөзова қыздарымен сурет жарияладыФото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Желіде танымал продюсер Баян Алагөзовтың кенже қыздары көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қыздары Алиса және Алмамен бірге шетелдегі демалыс кезінде түскен суреттерін жариялаған. 

Баян Мақсатқызы бассейнде түскен – алғашқы фотоға қасында кішкентай Алиса, екінші фотоға Алма түскен. Жарияланымға продюсер құлпынай мен алманың смайликтерін қосқан.

Актриса отбасымен қаншалық бақытты екенін жасырмады. 

Жылы суреттер желі қолданушыларын елжіретті. Жазбаны 21 мыңнан астам жазылушы ұнатып, 150-ден астам пікір жазған.

“Сізден аумайды”, “Алиса сондай тәтті қыз”, “Алиса анасына, Алма әкесіне қатты ұқсайды”, “Балалар – өмірдің гүлі”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова үй жануарлары туралы айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 20 Ақпан, 2026 13:39