Балалар үйінде тәрбиеленген Олесяны «Ана үйі» қазақ салтымен ұзатты (фото)
Өзін аяғы ауыр кезінде жігіті тастап кеткен соң Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйін» пана қылған. Бұл жердегі қайырымды жандар оған қол ұшын созып ғана қоймай, өмірлік серігін кездестірген қызды қазақтың салтымен ұзатқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Осыдан төрт жыл бұрын қазіргі күйеуі Иванмен танысқан Олеся ол таңда басқа азаматпен кездесіп жүрген көрінеді. Артынша қызының аяғы ауыр екенін білген павлодарлық ізін суытып жоқ болған. Осылайша Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйіне» келіп, көмек сұраған. Қол ұшын созған қалалық қоғамдық қоры баласымен жалғыз қалған келіншекті құрылыс дүкеніне жұмысқа тұрғызып, тіпті ұзату тойын да жасап берген.
Олеся балалар үйінде тәрбиленгендіктен оның ұзату тойын өткізуге Павлодар қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорының координаторы Әсел Әбішова көмектескен. Қазақи дәстүрмен ұзатылған Олесяға салт бойынша сырға салынып, беташар жасалып, тіпті қоржын әкелген екен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
Валерияның сөзінше, Татьяна ұжымда өте сыйлы, мейірімді, ашық мінезді, кәсіби білікті маман ретінде есте қалған

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
Отбасы әзірге Қазақстандағы спорт министрлігінен көмек сұрамаған