Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала тумайтын әйелмін": Толқын Забирова тұңғышын ұзақ күткенін айтып, жан сырын ақтарды

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Толқын Забирова алғаш рет отбасы мен балалары туралы “Мамский әңгіме” подкастында айтты. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynzabirova/

Өнер иесі денсаулығына байланысты тұңғышын ұзақ жыл күткен көрінеді. 

"Тұңғышымды бес жыл күттім. Меніңше, бұның барлығы жұмысыммен тікелей байланысты. Гастрольдерде көп жүрдік, суық бөлмелерде жаттық, ауыл арасында жүрген көліктеріміз де суық болды. Содан кейін көп ауырдым. Бірақ бала күткен бес жыл мен үшін ауыр болды. Көп жыладым. Сафардың бірінші әйелінен ұлы бар ғой. Ондай кезең басыңнан өткен кезде неше түрліні ойлайды екенсің. "Сен мені бір күні тастарсың, мен – бала тумайтын әйелмін" деп жыладым. Өте қиын кезең еді”, – деп еске алды әнші. 



Алайда жолдасы қолдау білдіріп, ешқашан тастап кетпейтінін айтып, жанынан табылған. 

“Жолдасым болса, "Қайдағыны айта берме, мен сені жақсы көремін. Бала тумасаң да, сенің қасыңнан кетпеймін" дейтін. Бір күні маған өзінің үлкен ұлы маған да ұл болып келетінін айтады. Солай барынша менің көңілімді аулауға тырысты. Қатты күйзелгенімді көріп, жұбататын. Ол кезең мен үшін өте ауыр уақыт болды. Қазір айту оңай. Балалар өсті. Сол кездегі жақындарыңның, қасыңдағы жарыңның қолдауы өте маңызды. Олар барда жаман ойлар да жоғалып кетеді екен”, – деп эстрада жұлдызының көңілі босады. 

Еске салайық, өнер иесі жолдасымен жас айырмашылығын жариялаған еді. 

Талқылау