Бала тәрбиесіне қатысты психологтардың айтқан бірнеше кеңесі
Бала – басты байлығымыз. Сондықтан оның тәрбиесіне зор көңіл бөлген жөн. Осыған байланысты психологтардың бала тәрбиесіне қатысты бірнеше кеңестерімен танысып көрелік.
Сурет ya-roditel.ru сайтынан алынды.
Бұл туралы massaget.kz хабарлайды.
- Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
- Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындаса да, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.
- Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
- Балаңызға өз көзқарасыңызды танбаңыз. Өз нұсқаңыз дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
- Баланың кез келген қалауын орындауға асықпаңыз.
- Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрету керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
- Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
- Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
- Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
- Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
- Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
- Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарды сыйлау керектігін білу тиіс.
- Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқынышына күлмеңіз. Қайта, керсінше, баланың қорқынышын бірге шешіп, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
- Қаншалықты уақытыңыз аз болса да, балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын, балаңыз – сіздің ең басты байлығыңыз.
Талқылау