Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар жүкті әйелдің ішін жарып сәбиін алып қоймақ болған (фото)

Бразиялиялық Тайна да Силва Пинто мен Фабио Луис Лима 22 жастағы екіқабат келіншекті алдап тұзаққа түсірген. Нақтырақ айтатын болсақ, балалы болуға қауқарсыз жұп Раяни Коста есімді әйелдің әлі дүниеге келіп үлгермеген баласын тартып алмақшы болған.

бразилия пинто

Ол үшін жұп тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан әйелге балаға арналған киімдер сыйлауға уәде еткен. Сөйтіп Рио-де-Жанейро қаласындағы өздерінің үйлерінде әйелдің ішін жарып, оны ұрлап алмақ болған. Алайда ұрлық жасауға ниеттенген қылмыскерлер ақырында баланы да, оның анасын да өлтіріп алған, деп жазды The Sun.

Жуырда полицейлер Пинто мен Лиманың үйінің ауласынан көмілген әйел мен баланың мүрдесін тауып алды (тәртіп сақшылары әйелді осыдан бірнеше апта бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен Раяни деп болжап отыр).

nintchdbpict000291124011-e1482858209363

Үш жыл бұрын шаңырақ көтерген Пинто мен Лима барлық туыстары мен дос-жарандарын жуырда нәрестелі болатындарына сендірген. Ол үшін Пинто әйелінің «екіқабат» (әйелдің ішін үлкейту үшін оған арнайы заттар салынған) күйіндегі суреттерін әлеуметтік желілерге жүктеген.

nintchdbpict000291124003

Ал Лима өзінің Facebook-тегі парақшасында қыз балаға арналған киімдердің суретін жүктеп: «жақында менің ханшайымым келеді», – деп жазба қалдырған.

nintchdbpict000291124004

Шындығында Пинто бедеу болған. Дәрігерлер оның жұмыртқа жасушасында сарысулы ісік бар болғандықтан бала көтере алмайтынын айтқан.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, әйел WhatsApp желісі арқылы Рио-де-Жанейродағы кедей әрі жас болашақ аналарды тауып, олардың тобына қосылып алған. Мұндай топ тұрмыстық жағдайы төмен аналарға балалар киімдерін, жөргектер мен жаялықтарды, ойыншықтарды сыйға тарту үшін құрылады.

Болжам бойынша, жұп Раянидің ішін жарып, баланың өлі екеніне көздері жеткен кезде оның анасын да өлтіруге бел буған.

nintchdbpict000291124000

Раяни

Желідегі топта Лидия есімімен тіркелген Пинто одан өзге әйелдерді де тұзағына түсірмек болған. Олардың кейбірімен кездесуге де келіскен. Алайда болашақ аналар жалғыз келмейтіндерін ескерткен кезде Пинтоның жоспары бұзылады.

Алайда жалғызбасты ана Раяни кездесуге бір өзі келген. Екеуі темір жол вокзалы маңайында жүздесіп, ақырында Пинто оны үйге алып баруға көндірген.

Қазіргі уақытта Пинто мен Лима екі адамды өлтіріп, олардың мәйітін жасырғаны үшін қамауда отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Емдеудің жаңа әдісі бүлдіршінге обыр дертінен айығып шығуға көмектесті (фото)

Обыр дертіне шалдыққан жеткіншек маникюр жасап миллион доллар жинап алды

Роботқа ғашық болып қалған бойжеткен оған тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Әйелі секспен айналысудан бас тартқан күйеуінің мүшесін кесіп тастады

Талқылау